Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді

None
None
СЕУЛ. YONHAP-ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда коронавирусқа шалдығу жағдайлары екінші күн қатарынан 2400-ден жоғары болды. Бұған елдің «COVID-19-бен өмір» кестесіне сәйкес вирустық шектеулерді алып тастауы себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

Кореяның ауруларды қадағалау және алдын алу агенттігінің (KDCA) хабарламасына қарағанда, COVID-19 вирусына шалдығудың 2482 жаңа жағдайы тіркелген. Осымен ауруға шалдыққандардың жалпы саны 373 120 адамға жетті.

Он айдың ішінде қауіпті вирустан қайтыс болғандар саны 24 адамды құрады, ал жалпы саны 2916 адамға жетті. Бұл – 12 қаңтардан бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Ол кезде COVID-19 вирусынан 25 адам көз жұмған еді. Өлім көрсеткіші 0,78 пайызды құраған болатын.


Соңғы жаңалықтар