+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Оңтүстік Кореяда көлігімен бала қаққан қазақстандыққа қатысты екінші сот отырысы келесі айда өтеді

2019 жылғы 18 қараша 18:18
Бөлісіңіз:
Оңтүстік Кореяда көлігімен бала қаққан қазақстандыққа қатысты екінші сот отырысы келесі айда өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяда көлігімен бала қаққан қазақстандыққа қатысты келесі сот отырысы желтоқсан айының ортасында өтеді. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алғашқы сот отырысы өтті. Сот отырысында Қазақстан азаматының анасы да қатысты. БАҚ-та жарияланғандай, ол сотта кешірім сұрады. Келесі сот отырысы шамамен желтоқсан айының ортасында өтеді», - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

ҚР СІМ ресми өкілі қазақстандық жас жігітке нақты қандай жаза кесілетінін сот шешетінін атап өтті.

«Әзірге тек тараптар тыңдалды», - деді ол.

Еске сала кетсек, 16 қазан күні қазақстандық азамат Оңтүстік Кореяда кішкентай баланы көлігімен қағып, сол елден қашып кеткен. Ол бұл мемлекетте бір жылдам астам уақыт бойы заңсыз тұрып келгені анықталды. Кейін ол өз еркімен Сеул қаласына қайтып оралды.

Бүгінгі таңда ол Чанвон қаласындағы тергеу изоляторында жатыр.

Сондай-ақ, Оңтүстік Кореяда көлігімен бала қаққан қазақстандыққа бірнеше айып тағылған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT