+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Оңтүстік Кореяда қанша қазақстандық бар

2020 жылғы 27 ақпан 12:44
Бөлісіңіз:
Оңтүстік Кореяда қанша қазақстандық бар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда 35 мың Қазақстан азаматы бар. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай феномені: Облыстағы коронавируспен күрескен дәрігерлерге сыйақы беріле ме Коронавируспен ауырғандарда вирусқа қарсы иммунитет пайда болады - Елжан Біртанов Діни мейрам кезінде карантин режімін сақтау керек

«Бүгінгі таңда Оңтүстік Кореяда 35 мың Қазақстан азаматы бар. Оның ішінде заңсыз тұрып жатқаны - 12 мың адам. Біздің елшіліктегі консулдық есепте бар болғаны 848 адам бар. Азаматтарымыздың көбінің осындай әрекетке баруы өздеріне қиын. Төтенше жағдай болған жағдайда ол елдің қай жерінде тұрып жатқанын білмесек, қалай іздеп табамыз?», - дейді Айбек Смадияров.

Сонымен қатар, ҚР СІМ Қазақстан азаматтарына консулдыққа хабарласулары керек екендерін айтты.

«Заңды және заңсыз жүргеніне қарамай, біздің елшіліктің консулдық бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз. Бұл көп уақыт алмайды және тегін. Біздің консул күн сайын, үзіліссіз адам қабылдайды», - дейді ол.

Бұған дейін айтылып кеткендей, қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяда инфекция жұқтырғандар саны 1 595 адамға жетті. Сондай-ақ, бірінші наурыздан бастап коронавирусқа байланысты Қазақстан Оңтүстік Кореяға баратын әуе рейсінің санын қысқартады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT