+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Оңтүстік Кореяда ғимарат опырылып, 9 адам мерт болды

2021 жылғы 10 маусым 19:45
Бөлісіңіз:
Оңтүстік Кореяда ғимарат опырылып, 9 адам мерт болды

КВАНДЖУ. ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяның солтүстік-шығысындағы Кванджу қаласында ғимарат бұзу кезінде опырылып құлап, тоғыз адам қаза тапты, сегіз адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қырғызстанда пандемияның үшінші толқыны басталып, билік қауіпсіздік шараларын күшейтті Америкалық Novavax вакцинасы 90% жоғары тиімділікті көрсетті Ұлыбританияда барлық шектеулерді жеңілдету бір айға шегерілді

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласындағы бес қабатты ғимараттың құлауы туралы хабарлама жергілікті уақыт бойынша 16:22-де келіп түскен. Оқиға салдарынан құрылыс алаңының жанында тұрған жолаушылар автобусы үйінді астында қалған.

Ғимараттың құлауы салдарынан тоғыз адам қаза тапқан, ауыр жарақат алған сегіз адам жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілгені хабарланды. Зардап шеккендердің барлығы – автобус жолаушылары.

Бастапқыда автобуста он екі адам болған деп болжанған.

Ғимарат үйінділерінің астында екі автокөлік болуы мүмкін деп хабарланған, бірақ видеодан олар апат орнынан әрең қашып шыққаны белгілі болды.

Құлаған ғимарат маңындағы құрылыс алаңына қарама-қарсы дүкеннің иесі Янг Ик-чже (Yang Ik-je) сыртқа шыққаннан кейін ол жердің дірілдегенін сезгенін айтты.

«Жол қалың тұман басқандай көрінбей қалды», - деді ол.

Ғимарат автобусқа опырылып түскені көрсетілген бақылау камераларындағы видеоны тексергеннен кейін дүкен иесі оқиға туралы дереу билікке хабарлаған.

Құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Апаттың себебі әлі белгісіз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT