+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 142 адам коронавирус жұқтырды

2020 жылғы 22 ақпан 12:30
Бөлісіңіз:
Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 142 адам коронавирус жұқтырды

СЕУЛ. ҚазАқпарат – 22 ақпан күні Оңтүстік Корея соңғы тәулікте 142 коронавирус жұқтыру оқиғасын тіркегенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP NEWS AGENCY-ге сілтеме жасап.

Осылайша елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 346-ға жетті. Соңғы күндері COVID-19 жұқтыру оқиғалары артып кетті және олардың көпшілігі Чхонда оңтүстік-шығыс ауруханасы мен оңтүстік-шығыстағы Тэгу шағын қаласында тіркелді.

Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары 142 жаңа оқиғаның 92-і Чхондодағы Daenam емханасымен байланысты екенін хабарлады. Осы емханада жаңа вирустан Оңтүстік Кореядағы алғашқы адам қаза тапқан.

Жұма күні Daenam ауруханасында COVID-19-дан екінші науқас қайтыс болды.

Қазіргі күні ауруханада 108 вирус жұқтыру оқиғасы тіркелген.

Қоғамдық денсаулық сақтау агенттігінің хабарлауынша, 38 науқастың Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай 300 км жердегі Тэгу қаласы мен көршілес Солтүстік Кенсан провинциясында орналасқан Синчхонджи деген атпен танымал христиандық сектаға қатысы бар.

Билік өкілдері Тэгу қаласының тұрғындарына (онда 2,5 миллион тұрғын бар) үйде болып, аса қажеттілік болмаса ешқайда шықпауға кеңес берді. Сол аралықта, жұма күні көршілес Чхондо «ерекше басқару аймағы» деп жарияланды. Ел астанасы Сеулде қала орталығында демонстрацияға тыйым салынды.

Қазіргі уақытта індет жұқтырған 170 науқас шіркеуге барғаны белгілі болды.

KCDC хабарлауынша, Синчхонджи сектасының 9 336 мүшесі карантинге жатқызылды. Олардың ішінде 544 адам адам вирусқа тексеруден өтіп жатыр.

Індет ел ішіне тез тарап жатқандықтан Денсаулық сақтау органдары коронавирусты ұстап тұру үшін қосымша шара қолдануға уәде берді.

Раушан Қоңырбаева


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Медицина, Әлем, Коронавирус,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT