Оңтүстік Кореяда бір күнде 334 адам коронавирус жұқтырған

None
None
СЕУЛ. Yonhap-ҚазАқпарат – Оңтүстік Корея бір күн ішінде коронавирус жұқтырған жаңа 300-ден астам жағдай тіркелгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, бейсенбі күні инфекция жұқтырған жағдайлар саны күрт өскен: 334 жаңа жағдайға жеткен. Ал елде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 1595 адамға жетті.

Бүгінде Оңтүстік Кореяда таралған вирустан көз жұмғандар саны артуда, 12 адамға жетті.

Коронавирус жұқтырған жаңа жағдайлардың жартысынан көбі елдің оңтүстік-шығысындағы Тэгу қаласында анықталды. 334 жаңа жағдайдың 307-сі Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан - Тэгуде, тағы төртеуі – көршілес провинция Солтүстік Кёнсанда тіркелген.

Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (KCDC) мәліметінше, Оңтүстік Кореяның басқа да ірі провинциялары мен қалаларында вирус жұқтырған бірнеше жағдай бар. Сеулде тағы алты жағдай тіркелген.

Оңтүстік Корея сарапшыларының болжамынша, жақын күндері елде коронавирус жұқтырудың расталған жағдайларының саны әлі де артады.


Соңғы жаңалықтар