Оңтүстік Кореяда балаларды қорғау күні 100 жылдан бері аталып өтіледі
2022 жылғы 1 сәуір 12:16

Оңтүстік Кореяда балаларды қорғау күні 100 жылдан бері аталып өтіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы Корей мәдени орталығы Кореядағы балаларды қорғау күнінің аталып өтілуіне 100 жыл толу мерекеcіне орай шара өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл шара Корея тәуелсіздігі үшін күрескендердің ұрпақтары қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Бұл қауымдастық осыдан 85 жыл бұрын Орталық Азияға күшпен көшірілген кәрістердің рухына арналып құрылған.

Офлайн ұйымдастырылған шараға Корей тәуелсіздігі үшін күрескендердің ұрпақтары қатысты. Оларға корейдің мол мәдениеті мен асханасы туралы жан-жақты ақпарат берілді.

«Биыл Қазақстан мен Корея Республикасының дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 30 жыл толып отыр. Біздің мәдени орталық қазақстандықтарды Корея мен корей мәдениетін танып білуге ашылған терезе іспетті болып отыр», - деді аталған ұйымның директоры Ли Херан шара барысында.

Айта кетсек, Қазақстандағы Корея елшілігі жаныннан жұмыс жасайтын елордадағы Корей мәдениет орталығы Орталық Азияда жалғыз ұйым.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT