+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандықтың әпкесі де сол елде заңсыз жүрген

2019 жылғы 16 қазан 12:37
Бөлісіңіз:
Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандықтың әпкесі де сол елде заңсыз жүрген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандықтың әпкесі де сол елде заңсыз жүрген. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтандағы «Жағалау» мөлтек ауданының тұрғын үйлеріне су беріле бастады Елорданың сусыз қалған үйлеріне 70 мың литр ауыз су жеткізілді Көкшетауда «ВАЗ 2110» көлігін полиция патрулі қуып жүріп ұстады

«Оның әпкесі де Кореяда заңсыз жүріп жұмыс істеген. Бірақ, оның аталған оқиғаға, жол-көлік апатына еш қатысы жоқ. Мән-жайды анықтау жас жігіттің төңірегінде жүргізілуде. Әпкесінің оқиғаға қатысы жоқ. Ол қазіргі уақытта Қазақстан аумағына оралды және үйіне кетіп барады», - деді Айбек Смадияров.

Еске сала кетейік, біраз уақыт бұрын Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда кішкентай баланы қағып, оқиға орнынан ізін суытқан еді.

Кейін оның Павлодарда жүргені белгілі болды.

14 қазанда Қазақстан азаматы тергеу іс-шараларына қатысу үшін Сеул қаласына өз еркімен ұшып барды.

Бүгін Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы консулы тергеушімен және қазақстандықпен кездеседі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, ҚР СІМ, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT