+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандық Павлодарда жүр – СІМ

2019 жылғы 7 қазан 15:25
Бөлісіңіз:
Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандық Павлодарда жүр – СІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяда кішкентай баланы қағып кеткен 20 жастағы қазақстандық Павлодарда жүр. Бұл туралы елордада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстік Кореяда көлігімен бала қаққан қазақстандыққа қатысты тергеу аяқталды Алматыда көлік қаққан 56 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды Атырауда көлік қаққан 40 жастағы жаяу жүргінші қаза тапты

«Ол Қазақстанға қашып кеткен. Яғни, ұшаққа билет алып, еліне жеткен. Қазіргі уақытта бостандықта. Павлодар қаласында тұрады. Сол жақта біздің жергілікті құқық қорғау органдары оны тауып, сөйлесті. Корея тарапынан арнайы құжаттар келіп түсті. Ол құжаттарды Сыртқы істер министрі тиісті механизм бойынша Бас прокуратураға жолдады. Енді бұл мәселе екі мемлекеттің құқық қорғау органдарының арасында шешіледі», - деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, Қазақстан тарапынан 1999 жылғы жігітке ешқандай бұлтартпау шарасы қолданылмаған. ҚР СІМ ресми өкілі бұны қылмыстың Қазақстан аумағында жасалмағанымен түсіндірді.

«Ол үйінде. Бостандықта жүр. Тек Корея тарапының құжаты негізінде іс қарастырылады», - деді ол.

Осыдан біршама уақыт бұрын Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда кішкентай баланы қағып, оқиға орнынан ізін суытқаны хабарланған болатын.

«ҚР СІМ Корея Республикасында орын алған оқиғаны біледі. Қазіргі уақытта бізге белгілі мәліметтерге сенсек, Қазақстан азаматы расында кішкентай баланы қағып кетіп, зардап шеккен баланы жолда қалдырып, оқиға орнынан қашып кеткен», - деп хабарлаған еді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT