Оңтүстік Кореяда 2030 жылға қарай әйелдер саны ер адамдардан асып түсуі ықтимал

None
None
СЕУЛ. YONHAP-ҚазАқпарат – Болжамдарға сәйкес, Оңтүстік Кореядағы әйелдер саны тоғыз жылдан кейін ер адамдардан асып түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

Гендерлік теңдік және отбасы мәселелері жөніндегі министрлік жасаған есепке сәйкес, өткен жылы әйелдердің жалпы саны 25,86 миллионға жетті, бұл 51,82 миллион адам болатын елдің жалпы халқының 49,9 пайызын құрайды.

Оңтүстік Кореядағы ерлер мен әйелдердің ара қатынасы 2000 жылы 101,4-тен 2021 жылы 100,4-ке дейін төмендеді.

Министрлік 2030 жылға қарай ерлер мен әйелдердің ара қатынасы 99,8-ге жетуі мүмкін деп мәлімдеді, ал әйелдер саны алғаш рет ерлер санынан асып түседі деп болжануда.


Соңғы жаңалықтар