Оңтүстік Кореяда 10 адам автобуста тірідей жанып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда Ульсан қаласынан алыс емес жердегі автомагистральда 10 адам автобус ішінде отқа оранды, тағы он адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат оңтүстіккореялық Ренхап агенттігіне сілтеме жасап.

Әзірге анықталмаған себептер бойынша, автобустың дөңгелегі атылған, салдарынан жол ортасын бөліп тұрған дуалға барып соғылып, отқа оранды. «РИА Новости» хабарлағандай, он адам көлік ішінен шыға алмай, өртеніп кеткен. Қалған он адам құтқарылды, алайда жарақаттар алған.

Автобуста Hanwha Chemical компаниясының 20 қызметкері болды. Олар Қытайға жасаған ұжымдық туристік сапардан кейін әуежайдан  Ульсан қаласына қайтып келе жатқан еді.  

 

Соңғы жаңалықтар