Оңтүстік Корея «жасыл» энергетикаға көшу жоспарын жария етті

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея үкіметі «жасыл» энергетикаға көшу бағдарламасы туралы хабарлады. Жоспар су электр станциясы өндіретін энергия үлесінің 2030 жылға қарай 5%-тен 20% дейін артуын қарастырады, деп жазады Reuters.

Оңтүстік Корея үкіметі бұдан басқа табиғи газ пайдалануды арттыруды қолға алғалы отыр: 2030 жылға қарай 18%-тен 27%-ке дейін. Бұл үшін басқа елдерден имортталатын сұйытылған газ көлемін арттыру жоспарланған.

«Korea Electric Power Corp» компаниясының мәліметінше, наурыз айындағы газ электр энергиясының бағасы 0,1160 доллар киловатт сағатқа тең. Бұл көмір энергиясы құнынан 40%-ке артық және ядролық газдан екі есеге қымбат.

Ханьянг университетінің энергетика саласы бойынша профессоры Пайк Унгюдің мәлімдеуінше, үкімет әлі күнге дейін импорт газы салығын төлейді, бірақ, көмір және атом станцияларына салықтық жеңілдіктер жасайды. Жаңа жоба көмір және атом энергетикасының артықшылықтарын алып, газ энергиясына қоса отырып, «салық төлеудегі бұрмаланған жүйені» түзетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Оңтүстік Корея барлық электр энергиясының 70%-ін көмір және ядролық станциялардан алады. Жаңа жоспарға сәйкес, 2030 жылға қарай көмір станциясының үлесі 40%-тен 21,8%-ке, ал атом станциясының үлесі 30%-тен 21,6%-ке төмендейді.

Соңғы жаңалықтар