Оңтүстік Корея жәндіктерді өсіруді күрт көбейтпек

None
None
СЕУЛ. YONHAP - ҚазАқпарат – Оңтүстік Корея ауыл шаруашылығы министрлігі бейсенбіде 2025 жылға дейін жәндіктер нарығының көлемін 140 миллиард вонға (124 миллион АҚШ доллары) дейін арттыруды және бұл сегментті азық-түлік өнеркәсібі дамуының жаңа қозғаушы күші ретінде дамытуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хаббарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және ауылдық істер министрлігінің дерегінше, 2019 жылдан мақсатты нарықтық баға 55% өсімді көрсетеді.

«Біз саланы дамытуды және болашақта азық-түлік тапшылығы мәселесін шешуге көмектесетін жәндіктерді пайдалану арқылы экологиялық таза ақуыз көздерін өндіруді жоспарлап отырмыз», - делінген министрлік хабарламасында.

Жәндіктерді өндірумен айналысатын фермалар мен компаниялардың саны 2020 жылы 2535-ті көрсетті. Бұл 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда (908) күрт өскендікті көрсетеді.


Соңғы жаңалықтар