Оңтүстік Корея тұрғыны қазақ-корей сөздігін құрастырып шығармақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея азаматы қазақ-корей сөздігін шығару үшін ниеттес адамдар іздейді, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы Чой Ён Сонның өзі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттерімен онлайн-кездесуінде айтты.

Ён Сонның Нұрай деген қазақша есімі бар. 2 жыл бұрын бойжеткен Хангук шет тілдер университетіндегі қазақ бөлімін бітірген. Содан бері ол осы университетте жұмыс істейді. Оқу барысында Чой Сон қазақ тіліндегі кітап таппай қиналған. Сондықтан ол Абай тілін үйренуге ниет танытқандарға көмектесуді көздейді.

Қазақша өмірдегі сөйлемдер ғой, сондықтан сондай кітап болса өте тез үйренуге болады. Мамандығы бойынша сөздік, ресми түрде қазақша және кәрісше сөздік болса білім алуға өте жақсы болады деп ойлаймын. Корейше жақсы білетін бірге ынтымақтасуға болатын студенттер және профессорлар көп керек. Және ақпарат нақты болуы керек және қазақ тілі болғандықтан соған байланысты жақсы тексеруге болатын адамдар көп болса жақсы болады деп ойлаймын», - дейді Хангук шет тілдер университетінің қызметкері Чой Ён Сон.
Соңғы жаңалықтар