Оңтүстік Корея супермаркеттерде полиэтилен пакеттерді пайдалануға тыйым салды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея билігі табиғи ресурстарды сақтау және қоқысты азайту мақсатында супермаркеттерде полиэтилен пакеттерді пайдалануға тыйым салмақ. Бұл туралы дүйсенбіде Yonhap агенттігі хабарлады.

Тыйым 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Заңды бұзғандарға 3 млн вон (шамамен 2,7 мың АҚШ доллары) айыппұл салынады.

Полиэтиленнің орнына дүкендер клиенттерге қағаз және матадан тігілген дорбалар ұсынбақ.

Соңғы жаңалықтар