Оңтүстік Корея шошқаның африкалық обасына қарсы күресті күшейтті

None
None
СЕУЛ. YONHAP-ҚазАқпарат – Оңтүстік Корея бейсенбіде Кореяның шекаралас аудандарында шошқаның африкалық обасына (ШАО) қарсы күреске, жабайы қабандарды аулауға дайын екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

Жоспарға сәйкес, мемлекет жабайы қабандардың көбін наурыз бен сәуірде аулау арқылы оба тараған аудандарда шаршы шақырымға біреуден келетіндей етіп азайтпақ.

2020 жылдың қазанындағы мәлімет бойынша олардың саны шаршы шақырымына 4,1-ге дейін кеміген. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш алтыдан болатын. Мұндай нәтижеге тағы да бір ірі індеттің таралуын болдырмас үшін жасалған іс-әрекеттің арқасында қол жеткізілді.

Оңтүстік Корея былтыр қазаннан бері фермаларда ШАО жағдайларының тіркелгені туралы хабарламағанымен, жабайы қабандардың бұл індетті жұқтыруы 2019 жылдан бері 1138-ге жетті.

Қазіргі уақытта жұқтыру оқиғалары шекараға жақын Кёнги және Канвон провинцияларында тіркелді.


Соңғы жаңалықтар