Оңтүстік Корея мен КХДР арасындағы үшінші саммит келесі аптада өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Келесі аптада Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин солтүстіккореялық көшбасшы Ким Чен Ынмен үшінші екіжақты саммитке қатысу үшін Солтүстік Кореяға барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рёнхап агенттігіне сілтеме жасап.

«Президент Мун мен Оңтүстік Корея делегациясы тіке батыс әуе бағдарын қолдана отырып, Пхеньянға барады», - деп мәлім етті Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің өкілі.

Оңтүстік Корея көшбасшысы үшін қозғалыс құралы жұма күні Пханмунджом шекаралық ауылында өткен жұмыс деңгейіндегі кездесуде келісілді. Келіссөздерге Сеул мен Пхеньян ресми тұлғалары қатысты.

Сапарды ұйымдастырып жатқан тағы бір Оңтүстік Корея делегациясы жексенбі күні Пхеньянға барады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар