Оңтүстік Корея компаниясы Қазақстанда ЖЭС құрылысына келісім жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Doosan Heavy Industries & Construction атты компаниясы Қазақстанда жылу электр стансасының құрылысына келісімді бекітті.

ТАСС мәліметінше, бұл шарттың құны 308 млн. долларға бағаланып отыр.

Karabatan Utility Solutions компаниясымен жасалған келісім талаптарына сәйкес, оңтүстіккореялық мамандар тас көмірмен жұмыс істейтін 310 мегаватт қуаттылығы бар ЖЭС-ті салатын болатын.

Жылу электр стансасы Атырау облысы өңіріндегі Каспий теңізінің солтүстік жағалауында орналаспақ.

Құрылыс жұмыстары 2018 жылдың ақпанында аяқталады деп күтілуде.

Қазіргі кезде Оңтүстік Кореяның бизнесі Қазақстанда бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыруға қатысуда. Бұл жобалардың жалпы құны 8 млрд. АҚШ долларын құрап отыр, деп хабарлайды «Ренхап» ақпарат агенттігі.

Соңғы жаңалықтар