Оңтүстік Корея қазақстандық азаматтарға дөрекілік көрсеткені үшін кешірім сұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея депортацияланған қазақстандық азаматтарға дөрекі қатынастары үшін кешірім сұрады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.

«Оңтүстік Кореяға қатысты тоқталатын болсам, осы елмен бізде визасыз режім туралы келісімге қол қойылған болатын. Біздің азаматтар бұл елге жеке куәлік және жол жүру құжаттарын ұсынған кезде кіре алады. Сонымен бірге, сапар мақсаты жұмысқа орналасу емес, туризм ретінде ескеріледі. Сондықтан да визасыз режімді пайдалана отырып, елімізден Оңтүстік Кореяға адамдар көптеп барып, жұмысқа орналаса бастады.  Бұл өз кезегінде аталған режімге қайшы және онда жұмысқа орналасу қамтылмаған. Корейлік тарап бастапқыда осындай жағдайға айтарлықтай байыпты қарағанымен, алайда бұл режімді бұзған қазақстандықтар саны арта түскен. Сонымен қатар олардың арасында кейбірі құқық бұзушылық әрекеттеріне барған көрінеді. Осы ретте корейлік жақ тиісті шаралар қабылдауға мәжбүр болды. Олар азаматтармен бетпе-бет әңгімелесу жіргізген және біздің елдің адамдарының жауаптарына қанағаттанбағандықтан, қамауға алу немесе кері қайтару шешімдерін қабылдады», - деді Е. Ыдырысов.

Оның сөзіне қарағанда, министрлік қызметкерлері осы мәселемен егжей-тегжейлі таныс. Қазіргі кезде корейлік тараппен қатынастар айтарлықтай жеңілдеді. Оңтүстік Кореяға сапарлайтын Қазақстан азаматтарына аталған режімді бұзған жағдайда жүктелетін жауапкершілік жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Өз кезегінде қазақстандықтармен дөрекі қатынастары үшін аталған ел кешірімін сұрайтындығын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтарды жаппай депортациялағаны үшін Оңтүстік Кореяға нота жолдаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар