Оңтүстік Корея Елшісі қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Ку Хонг-сок Наурыз мерекесіне орай бейнеқұттықтау жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын! Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтетін осы ерекше маңызды жыл әр отбасы үшін қуанышты сәттерге толы болуын тілеймін. Менің білуімше, «жаңа күн» мағынасын беретін Наурызда қазақстандықтар бір-біріне арнайы қонаққа барып, тағамнан дәм татып, жақындарымен жылы лебізін бөліседі. Бұл дәстүр Кореяның жаңа жылда барлық туған-туыстың мерекелік мол дастархан басында жиналатын дәстүріне өте ұқсайды. Осы мәдени ұқсастықтарды негізге ала отырып, Корея мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынас күннен-күнге дамып келеді», - деді Ку Хонг-сок.

Елшінің Қазақстан халқының өткен жылдан бері жалғасқан COVID-19 пандемиясын еңсеріп келе жатқанын еске салды.

«Корея үкіметі де Қазақстанның стратегиялық серіктесі ретінде Қазақстанға туындаған қиындықтарды тезірек жеңу үшін өзара әрекеттесіп жатыр. Наурыз мерекесі барша Қазақстан халқы үшін өткен қиындықтарды еңсеріп, бақыт пен өркендеуге ұмтылуға үміт сыйлайтын және батылдыққа негізделген жаңа бастама болуын шын жүректен тілеймін. Корея Қазақстанның жарқын болашақ жолында да әрдайым бірге болады! Рахмет», - дейді Оңтүстік Корея Елшісі.



Соңғы жаңалықтар