Оңтүстік Корея елде коронавирус дерті таралуының аяқталуы туралы жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Корея Республикасы елде таяушығыстық респираторлық синдромы (MERS) коронавирусы таралуының аяқталуы туралы жариялады. Бұл туралы елдің премьер-министрі Хван Гё Ан мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

«Түрлі факторларды егжей-тегжейлі қарастырған соң, үкімет өкілдері мен медициналық қызметкерлер бұл дерттің енді азаматтарға қауіп төндірмейтінін түйіндеді», - деп атап өтті ол денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту министрлігінің өкілдерімен болған кездесуде.

Премьер халықтың алдында үкіметтің аурудың таралуына кеш мән бергені үшін кешірім сұрады. Хван Гё Ан сондай-ақ адамдардан «тезірек қалыпты өмірге оралуын» сұрады. Ол билік көздерінің індет салдарынан шайқалған ел экономикасының жедел қалпына келтірілуін кепілдеу үшін қолдан келетіннің бәрін істейтінін айтты.

Дүйсенбі күні елде коронавирусты жұқтыруы мүмкін болған соңғы пациент үйдегі карантиннен шығарылды. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі кезеңінде елде 16,7 мыңнан астам адам карантинде болған.

Соңғы 23 күнде елде қауіпті індетті жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелген жоқ.

Еске сала кетейік, Оңтүстік Корея аумағында ТШРС-КоВ ауырудың бірінші оқиғасы 20 мамырда тіркелген. Вирусты Таяу Шығыс елдеріне сапар жасап елге оралған Корея азаматы жұқтырғаны анықталды.

Таяушығыстық респираторлық синдром (Middle East Respiratory Syndrome, MERS) - Betacoronavirus текті вирустың жаңа түрі тудырған тыныс алу мүшелерінің қабынып ауруы. Алғаш бұл ауруды жұқтыру жағдайы 2012 жылы Сауд Арабиясында тіркелді.

2012 жылдың қыркүйек айынан бастап әлемде бұл қауіпті дертті жұқтырып алудың 1,3 мыңнан астам оқиғасы тіркеліп, соның ішінде 460-тан астамы адам өлімімен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар