Оңтүстік Корея атом энергетикасынан кезең-кезеңімен бас тартпақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея атом энергетикасынан кезең-кезеңімен бас тартуды жоспарлап отыр. Мемлекет басшылығының энергетикалық стратегиясына сәйкес, 2038 жылға қарай алты жаңа реакторды жою және ескіріп бара жатқан 14 реакторды біртіндеп жабу көзделіп отыр. Алдағы таяу уақытта тозығы жеткен тағы бір құрылғының жұмысы тоқтатылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Nikkei Asian Review интернет-басылымына сілтеме жасап.

Оңтүстік Корея 2030 жылға қарай бүкіл энергетика жүйесіндегі таза энергия көздерінің үлесін 20 процентке жеткізуді жоспарлап отыр.

Елдегі мемлекеттік 6 электр стансасы 2035 жылға дейін қалпына келетін энергия көздерін дамытуға жалпы 45 триллион вон (39,9 млрд АҚШ доллары) көлемінде қаржы жұмсамақ. Корея Ұлттық Ассамблеясының Сауда, өнеркәсіп және энергетика комитетінің жоспарына сәйкес, 2017 жылдың өзінде күн және желден алынатын энергия мөлшерін 33 гВт-қа жеткізу жоспарланған.  

Бұл - қалпына келетін энергия көздерінің қазіргі жиынтық қуатынан екі есе артық деген сөз. Мәселен, Korea Electric Power Corp. компаниялар тобына кіретін Korea South-East Power қалпына келетін энергия өндіру қуатын 5,7 гВт-қа арттырып, бұл мақсатқа 6 млрд АҚШ доллары шамасында қаржы құюды жоспарлап отыр. Таза энергияның үлесін 20% жеткізу үшін қазір өндіріліп жатқан энергияға тағы 45 гВт таза энергия қосу қажет.

 

Соңғы жаңалықтар