Оңтүстік Қазақстанға тартылатын инвестиция көлемі 25 пайызға ұлғаяды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында экспортқа бағытталған кәсіпорындардың санын арттыру мақсатында жергілікті тауар өндірушілердің бәсекелік қабілеттілігі жоғарылап, бүгінгі 1,1 млрд. АҚШ долларын құрайтын экспорттық айналым 2 есеге артады. 

Бұл туралы облыс әкімі Ж.Түймебаев Елбасы Жолдауы бойынша өткен кеңейтілген мәжілісте мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.   

Аймақ басшысы ҚР Президентінің жеке және шетелдік инвестиция көлемінің экономикадағы үлесін арттыру тапсырмасы бойынша облыста 14,5 пайыз көлеміндегі шетелдік инвестицияны 2020 жылға дейін 25 пайызға ұлғайту қажеттігіне тоқталды. 

 «Бұл үшін біздер инвесторлармен тығыз жұмыс жүргізіп, оларға тиімді жағдайларды жасауымыз қажет. Аталған бағытта өңірімізде тиісті жұмыстар өз деңгейінде атқарылып отыр. Атап айтқанда, облыстың барлық аудандарында  инвесторлармен жұмыс істейтін арнайы мобильдік топтар құрылған»,- деп мәлімдеді Ж.Түймебаев.

Соңғы жаңалықтар