Оңтүстік Қазақстандағы мешіттердің бірінің діни қызметкері садақаға жиналған ақшаны жымқырды

None
None
ШЫМКЕНТ. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында діни қызметкер ауыл тұрғындарынан жиналған садақа салынған мешіт сейфін ұрлап кетті, деп хабарлады ОҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Полицейлерге садақа салынған сейфтің жоғалғандығы туралы өтінішті ауыл имамы берген. «Бірнеше тәуліктен кейін тәртіп сақшылары оның орынбасарын ұстады. Ол өзінің түн ішінде мас болып келіп, мешіттен сейфті ұрлағандығын, шамамен 60 метрге жерге дейін сүйреп барып, таспен құлпын бұзып ашқандығын мойындады», дейді полицейлер. Сейфте ауыл тұрғындарынан садақаға жиналған 4000 теңгеге жуық ақша болған. Күдіктінің айтуынша, Өзбекстан медресесін бітірген. Біраз жыл Созақ ауданына қарасты ауылдардың бірінде имам болып жұмыс істеген. Соңғы уақыттарда Бәйдібек ауданы имамының орынбасары болған.

Аудандық ішкі істер бөлімінде күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Заттай айғақ ретінде ұрланған металл сейф алынды.

Соңғы жаңалықтар