Оңтүстік Қазақстанда жеті жасар бала суға ағып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО-дағы Арыс өзенінде жеті жасар бала суға ағып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 31 қаңтар күні сағат 17.00-де Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылында болған. Бала өзенге байқаусызда құлап кеткен.

«31 қаңтар күні сағат 17.28-де Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылында 2011 жылғы баланың абайсызда Арыс өзеніне құлап, суға ағып кеткені туралы хабарлама түсті», - делінген ведомствоның хабарламасында.

6 құтқарушы іздеп жатыр. Әзірге олар баланы тапқан жоқ.

Соңғы жаңалықтар