Оңтүстік Қазақстанда өткен жылы 80 мыңға тарта бала дүниеге келді
2018 жылғы 17 қаңтар 15:26

Оңтүстік Қазақстанда өткен жылы 80 мыңға тарта бала дүниеге келді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы 80 мыңға жуық бала дүниеге келген. Сондай-ақ 20 мыңнан аса отбасы шаңырақ көтерген.

Бұл туралы бүгін облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әділет департаменті басшысының орынбасары Мейіржан Исабеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мейіржан Исабековтың сөзінше, облыс көлемінде 604 заңды тұлға және 141 филиал мен өкілдік тіркелген. Көрсетілген қызмет түрлерінен бюджетке 19 млн теңгеден астам мемлекеттік алымдар түсті.
null

«Оңтүстік Қазақстан облысында жеке және заңды тұлғалардан жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге жалпы 150 мыңнан астам өтініш қабылданды. Жылжымайтын мүлікке электронды түрде тіркеу саны 49 мыңнан асқан. Былтырғы жылдың қорытындысы негізінде мемлекеттік тіркеуден 218 млн теңге алым сомасы өндірілді», - деді Мейіржан Нұржанұлы.
null

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT