Оңтүстік Қазақстанда химиялық кластердің дамуы таныстырылды

None
None
АСТАНА. 22 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше,  21 наурызда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ө.Шөкеевтің Оңтүстік Қазақстанға сапары шеңберінде өңірдің химиялық жобалары таныстырылды.

«Самұрық-Қазына» АҚ қуаттары және инфрақұрылымы тарихи дамыған Қазақстанның Батыс, Оңтүстік және Орталық өңірлеріндегі үш химиялық парк негізінде жаңа қуаттар құруды жоспарлайды. «Бірлескен Химиялық Компания» ЖШС (Қордың 100% еншілес компаниясы) бас жоспарында жалпы құны 1 млрд. АҚШ долларынан астам 11 жаңа бағытты (жобаны) іске асыру көзделген»,- деді Басқарма төрағасы.

Шымкент қаласының индустриялық аумағындағы жалпы құны 250 миллион АҚШ долларын құрайтын жобалардың арасында каустикалық сода және хлор өндірісі, үшхлорлы фосфор өндірісі және глифосат (гербицид) өндірісі жоспарланған.

Бүгінде алдын ала техника-экономикалық негіздемелер әзірленді, сонымен қатар техника-экономикалық негіздемелерді әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі уақытта облыс әкімдігімен аталған өндірістер үшін жер учаскелерін бөлу жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, аталған жобаларды 2014 жылдың аяғына дейін іске қосу жоспарланған.

Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, «аталған жобаларды іске асыру 300-ден аса жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар