Оңтүстік Қазақстанда есірткі затын сатушыдан 8 келіден астам гашиш тәркіленді

None
None
ШЫМКЕНТ. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкент тірек бекеттерінің бірінің қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында есірткі затын сатушыны ұстады, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

«54 жастағы күдіктіні 10 полиэтилен пакеттерге салынған, салмағы 8 келіден асатын есірткіні сату барысында ұстады. Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген заттың гашиш екендігі анықталды», дейді баспасөз қызметінің өкілі Ақмарал Мырзахметова.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тұтқындалған азамат уақытша оқшаулау орнына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер Оңтүстік Қазақстан облысына тасымалданатын есірткі заттары арнасын анықтау үстінде.

Соңғы жаңалықтар