Оңтүстік Қазақстанда «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерін аттестаттау басталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы  тестілеу орталығында «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау басталды.

 Алғашқылар болып аудан әкімдері мен басқарма басшылары тапсырып шықты,  деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.   

Өңірде аттестаттаудан өтетін 6500-ге жуық мемлекеттік қызметшінің алғашқы легі сынақ тапсырды. Жеке бағалау парақшаларымен тестілеуге келген олар жеке бас құзіреттілігі бойынша бағаланды.

«Тест тапсырдым, өттім сынақтан. Нәтижесі шықты. Сұрақтар оңай, қиын дүние көрген жоқпын. Күнделікті өмірде , жұмыс барысында кездесетін мәселелер бойынша дұрыс жауап берсе болғаны,- дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  ОҚО бойынша департаментінің  бас маманы Сәбит Асылбек.

Жалпы оңтүстік өңірі елімізде мемлекеттік қызметшісі ең көп аймақ ретінде тіркелген. Сәйкесінше, олардың кәсіби біліктілігі мен білімі, мәдениеттілігі де өз деңгейінде болуы талап етіледі. Сала мамандары болса биылғы жылғы аттестаттаудың ерекшелігі, кем-кетіктердің алдын алып, қызметтік өсуге мүмкіндік артатынын айтады.

«Басты мақсат - әрбір мемлекеттік қызметкердің мінез-құлқындағы құзыреттілігін анықтау болып табылады. Жалпы 11 құзыреттілік бар. Мысалы, мемлекеттік қызметкердің жұмысының тиімділігі, айқындылығы және адал қызмет істеп жүргендігін анықтауға бағытталған. Осыларға баға беріледі», - деді облыс әкімінің кеңесшісі Әмірдин Әлішев. 

Соңғы жаңалықтар