Оңтүстік Қазақстанда аю өз қонжықтарын жеп қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында ұрғашы аю өз қонжықтарын жеп қойды. Хайуанаттар бағы директорының айтуынша, ол жаңажылдық отшашу мен шудан шошынып, балаларына бас салған.

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Осыған ұқсас оқиға 2014 жылғы желтоқсан айының соңында Финляндияның хайуанаттар бағында да орын алды. Онда айдың басында дүниеге келген екі қонжық жоғалып кетті. Рануа хайуанаттар бағының қызметкерлері оларды анасы - Венера атты ақ ұрғашы аю жеп қойды деген күдіктенген еді, деп жазады Lenta.ru.

Соңғы жаңалықтар