Оңтүстік Қазақстанда 600-ден астам кооператив іске қосылады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 2017-2020 жылдары ішінде 90 мың жеке шаруа қожалықтарынан құралған 600-ден астам кооперативтер нақты іске кіріседі. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев халық алдында өткен есепті жиында айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

«Елбасы биылғы жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін экономиканың жаңа драйверіне айналдыру міндетін қойып отыр. Осы бағытта, шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтар кірістерін арттыру, өнімін өткізу, сақтау көзделуде. Өндіріс құралдарымен және материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау, қаржыландыруға қол жеткiзе алу үшін кооперативтер жүйесін жетілдіріп, өңірлік басымдылығына қарай агро аймақтар құратын боламыз. Етті, сүтті мал шаруашылығын өркендету мен құс, балық шаруашалығын дамыту қоса жүргізіледі», - деді өңір басшысы.

Мәселен, 2017 жылдың өзінде мал бордақылау алаңдары бар 30 жекелеген қосалқы шаруашылық біріктірілетін болады. Осылардың бірі «Қайып ата» мекемесі жанынан 2 мың малды бордақылайтын «Ханшайым» кооперативі құрылып, жылына өндірілетін 1 мың тонна өнім толығымен экспортқа жөнелтіледі. Сонымен қатар, биыл 3 мыңнан астам отбасының 30 мыңнан аса ірі қара малды бордақылайтын алаңы мен 723 жанұялық сүт фермасын ашу жоспарлануда. Сонымен бірге, сүт өнімділігін арттыру бағытында «Қазына жер ЛТД» мекеме жанынан 2 600 бас ірі қара малды ұстайтын  6 кооператив ұйымдастырылып, жылына 8 мың тонна сүт өндіру көзделуде. Ал, «Атамекен» корпорациясы Төле би ауданында  20 шаруашылықты біріктіріп, 400 басқа арналған сүт өндіру кооперативін қолға алды.

Ал, құс етін өндіру үшін үстіміздегі жылы 56 мың құсқа шақталған 14 ферма  ашылады. Бұдан бөлек, «Шымкент құс» мекемесі мен қаржы институттарының қолдауымен Төле би ауданындағы 20-дан астам шаруа қожалығы бірігеді.

Сонымен қатар, осы жылы балық шаруашылығы бойынша 7 балық өндіру кәсіпорнын құру жоспарлануда.   Қазығұрт, Төле би, Сайрам аудандарында қарқынды алма, жаңғақ баулары мен Шымкент қаласы және Сарыағаш ауданында жылыжай кешені агро аймақтарын қосу  көзделуде.

Нәтижесінде 90 мың жеке шаруа қожалықтарынан құралған 600-ден астам кооперативтер нақты іске кіріседі. Бүгінгі күні жаңадан 17 мыңнан астам ұсақ шаруашылықтарды біріктіретін 242 кооператив құрылды.
null 

Соңғы жаңалықтар