Оңтүстік Қазақстанда 30 мамандық бойынша өңіраралық чемпионат басталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «WorldSkills Kazakhstan- 2018» өңіраралық чемпионаты басталды. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылған шара еңбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру мақсатында өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық білім басқармасы ұйымдастырған өңіраралық чемпионатқа Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының колледждерінен 123 студент қатысуда. Шараның ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбдіманап Бектұрғанов бастаған Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері және Өзбекстан Республикасы мен Жамбыл, Қызылорда облыстарынан делегаттар, облыстық мәслихаттың депутаттары, барлығы 500-ден астам адам қатысты. Білім сайысының қатысушыларына сәттілік тілеген облыс әкімі бүгінде елімізде техникалық-кәсіптік мамандарды даярлауға үлкен мән беріліп отырғанын атап өтті.

null«Бүгінгі таңда елімізде индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы іске асырылуда. Оны жүзеге асыру үшін жаңа үлгідегі өндірістік желілер ашу және жоғары білікті шебер мамандарды қалыптастыру талабы қойылды. Сондықтан да Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізде білім беруді дамыту, соның ішінде техникалық-кәсіптік мамандарды даярлауға үлкен мән беріп отыр. «Қазақстан-2050» стратегиясының негізгі басым міндеті елдің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау болып табылады. Облыстағы техникалық және кәсіптік білім саласында Елбасымыздың «Бес әлеуметтік бастамасы» аясында ауқымды шаралар қабылданып және 2017 жылғы қыркүйектен бастап «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы жүзеге асырылуда»,-деді аймақ басшысы.

nullТөрт күн бойына жалғасатын білім жарысында қатысушылар инженерлік, сантехника және жылыту, веб-дизайн, электрмонтаж, кірпіш қалау, құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары, кескіндеме және сәндік жұмыстар, мобильді робототехника сынды 30 мамандық бойынша бақтарын сынамақ. Шарада сондай-ақ студенттер жасаған ауылшаруашылық техникалары мен шығармашылық-инновациялық жобалық көрмелер ұйымдастырылуда.

nullТехникалық және кәсіптік білім мекемелері студенттерінің арасында өткізілетін «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN - 2018» өңіраралық чемпионатының жеңімпаздарына облыстық білім басқармасының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдары мен медальдар тапсырылатын болады. Жарыстың жеңімпаздары 2018 жылы маусым айында Астана қаласында өтетін Ұлттық чемпионатқа қатысады.

nullЕске салсақ, былтырғы жылы өткен «WorldSkills Kazahstan -2017» Ұлттық чемпионатында облысымыздан 9 бағыт бойынша қатысқан студенттердің 1-і алтын медаль, 5-і күміс медаль иеленсе, жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің студенті Ұлыбритания, Жапония, Қытай, ТМД елдері қатысқан «WorldSkills Rossia - 2017» халықаралық чемпионатында ІІІ орынды жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында 2017-2018 оқу жылында 94 (43 мемлекеттік, 51 жекеменшік) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 74176 студент білім алуда. Оның ішінде 34592 студент мемлекеттік тапсырыспен оқиды.

Соңғы жаңалықтар