«Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз» жолының учаскесін қайта жаңартуға бағытталған келісім бойынша 170 миллион доллар бөлінеді

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті.

Онда комитет мүшелері «ҚР Үкіметі мен Ислам даму банкі арасындағы  «Батыс Еуропа  Батыс Қытай» жолының жобасы шеңберінде «Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз» жолының учаскесін қайта жаңарту туралы «Истина А» келісімін және  ҚР Үкіметі мен Ислам даму банкі арасындағы  «Батыс Еуропа Батыс Қытай» жолының жобасы шеңберінде «Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз» жолының учаскесін қайта жаңарту жөніндегі Агенттік келісімін (Истина А) ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көлік және коммуникация вице‑министрі Дулат Күтербековтың айтуына қарағанда, аталған келісім бойынша Ислам даму банкі ҚР Үкіметіне жалпы сомасы  398 миллион долларды құрайтын екі несиелік транш ұсынатын болады. Ал Жамбыл облысындағы ұзындығы  58 шақырымды құрайтын «Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз» жолының учаскесін қайта жаңартуға Келісім бойынша 170 миллион доллар бөлінеді. Несиені қайтарым мерзімі жеңілдік берілген төрт жылды қоса есептегенде жиырма жылды құрайтын болып бекітілген.

Талқылаудан соң комитет аталған құжатты палатаның жалпы отырысына шығару туралы шешім қабылдады. 

Соңғы жаңалықтар