+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Оңтүстік Қазақстан облысының имамдары қан тапсырды

2012 жылғы 20 наурыз 13:17
Бөлісіңіз:
Оңтүстік Қазақстан облысының имамдары қан тапсырды

АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Облыстық қан орталығында оңтүстік өңірдің 90-ға жуық имамы қан тапсырды. Мұны дін өкілдері Ұлыстың ұлы мерекесі - Наурыз қарсаңында ұйымдастырып отыр.

Қан тапсыру - шариғат үкімі бойынша Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннет амалы болып саналады. Әрі оның денсаулыққа тигізер пайдасы мол. Игі шараны жүзеге асыруды өңірдің имамдары биыл екінші жыл жалғастырып отыр, деп хабарланған ҚМДБ ресми сатында.

«Құран-Кәрімде, кімде-кім бір адамға өмір сыйласа, ол адам барлық адамға өмір сыйлағанмен тең» делінген. Сондықтан мен де осы шараға мұқтаж бір жанға пайдам тие ме деп келіп отырмын. Егер, осы ісім арқылы жұртқа септігім тисе, өмірдегі ең бір жақсы сауапты іс жасадым деп ойлаймын»,-дейді Сайрам ауылдық мешітінің имамы Қайрат Ергешов.

Негізінен орталық жыл сайын қан қорын 12 мың литрге толықтырып отырады. Бүгінде мұнда төрт топқа қатысты 3,5 мың литр қан бар. Мұны дәрігерлер жеткілікті деп санағанымен, соңғы кездері жол көлік апаттарының жиі орын алуына байланысты теріс резусты қанға кейде сұраныстың көп болатынын жасырмайды.

Қан беруді кейбір діни ағымдар харам санайды. Бұл әсіресе, соңғы кездері қоғамдағы кейбір жандардың санасын құрсаулап алған секталарға қатысты жәйт. Осы ретте қан тапсырудың мұсылманшылықта ешқандай күнә емесін облыстың бас имамы тағы бір ескертті. Керісінше, шариғат жолымен емделудің бұл түрі тым жақсы дейді. Бұл турасында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бірнеше хадис-шәріпінде баян етілген.

Қан алдырудың бірнеше түрі бар. Солардың бірі, сүлік жәндігі арқылы болса, хижама және дәрігерлердің көмегімен қан тапсыру екен. Хижама дегені - әр түрлі ауруларға қарсы денедегі нүктелерден алынатын қан. Ол өте көп ауруға ем. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Емделудің үш түрі бар: әселмен (бал), қан алдыру, отпен күйдіру».

«Сөйтіп, осы күні кешке дейін облыстағы 90 имамның әрқайсысы 450 грамнан қан өткізді. Ал облыстың басқа аудандарындағы 2 мыңға жуық дін өкілі алдағы апталарда өз аудандарында қан тапсырмақ. Өзгеге өмір сыйлауды сауап деп білсеңіз, қайырымды шарадан сіз де қалыс қалмаңыз»,-делінген ҚМДБ ресми сайтында.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT