Оңтүстік Қазақстан облысында жоғалып кеткен орманшылар табылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ақсу-Жабағылы қорығында із-түсіз жоғалып қалған қорықшылар табылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null
2 ақпан күні Ақсу-Жабағылы қорығының екі орманшысы іс-жоспарына сәйкес тау бөктеріне шығып кетеді. Алайда ауа-райы борандатып, жол көрінбей қалған. Сөйтіп белгіленген жерге жете алмай, адасып қалыпты. 

Қос қорықшының хабарсыз кеткенін айтып, орманшылар өңірдің төтенше жағдайлар қызметіне қарасты құтқарушыларды көмекке шақырған.

null  

«4 ақпан күні сағат 04.10 шамасында Ақсу-Жабағылы қорығының қорықшылары жоғалып, белгіленген орынға жетпегені туралы хабар келіп түсті. ОҚО ТЖД қарасты «Жедел-құтқару жасағының» төрт құтқарушысы мен бір техника оқиға орнына барып, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іздестіру шараларына  Ақсу-Жабағылы орман шаруашылығының 3 қызметкері де жұмылдырылды», - деді құтқару жасағының жетекшісі П. Вишенин.

null  

 Топ мүшелері қорықшылардың ізімен жүріп, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы аумағындағы Амангелді елді мекеніне  дейін жеткен. Жоғалған орманшылардың бірінде ұялы телефоны бар болуына байланысты GPS навигацияны пайдаланған. Сағат 10.40- тар шамасында қос қорықшы табылды. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылды.

 Қорықшыларды іздеу барысында құтқарушылар сондай-ақ  боранда тұрып қалған жеңіл көліктердің  жүргізушілеріне де көмек көрсеткен. Қар құрсауында қалғандардың көліктерін жолға шығарып, құтқару шараларын жүргізді. 

null null  

Соңғы жаңалықтар