Оңтүстік Қазақстан облысында «Жастар театры» құрылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы жанынан «Жастар театры» құрылды. Жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, олардың бойындағы қарым-қабілеттерінің жетілуіне жол ашу мақсатында құрылған өнер ордасы өскелең ұрпаққа сахна мәдениеті мен сахна тілін үйретеді, актерлік шеберлігін шыңдап, шығармашылыққа баулиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Жаңа театрдың алғашқы шымылдығы Ə.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» драмасы қойылымымен басталды. Театрдың көркемдік жетекшісі Алмас Шымалиев болса, өнер ордасының режиссерлығына дарынды актер Айна Емкулова тағайындалды. Осы өнер ұжымынан сондай-ақ М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де білім алып жүрген 30 студент еріктілер ретінде жұмыс істеп, тәжірибе жинақтамақ. Алдағы уақытта театр жетекшілігі 14-29 жас аралығындағы театр өнеріне тәнті жастарды қатарына қабылдауды жоспарлап отыр. Әзірге Жастар ұжымының репертуарында оншақты койылым бар.

Еске салайық, жақында ғана күрделі жөндеуден өткен «Жастар орталығы» жанынан еріктілер мектебі, режиссерлер командасы, жайдарманшылар тобы, жас ақындар клубы, журналистер мен блогерлер клубы, Street workout қозғалысы, хореография тобы, «Sulu models» сән агенттігі ашылған болатын.

Соңғы жаңалықтар