Оңтүстік Қазақстан облысында ҰБТ-ның орташа деңгейі 72,50 балды құрады

None
None
АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 37 мың 148 мектеп бітірушілерінің 21 мың 139-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш берген. Бұл жалпы бітірушілердің 67,7 пайызын құрайды. 16 009 оқушы дәстүрлі емтихан тапсырады. «Алтын белгіге» үміткерлер саны - 1143, «Үздік аттестатқа» үміткерлер 694 болды. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Альбина Елшиева мәлім етті.

Білім басқармасы басшысының айтуына қарағанда, Ұлттық бірыңғай тестілеу қортындысы бойынша 21139 оқушының 126 оқушысы түрлі себептер бойынша тестке қатыспаған. Ал 8 оқушы ҰБТ ережесін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылған.

«Облыстағы орташа балл 72,50 болып отыр. Былтыр 66,89 балл болатын. Яғни, былтырғыға қараған биыл білім көрсеткіші артты. Облыстағы ең жоғары 125 балды жинаған М. Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған №8 гимназия түлегі Аида Ысқақ үлкен көрсеткішке қол жеткізді. Бүгінгі күнгі мәлімет бойынша республика бойынша ең жоғары балл жинаған 7 түлек бар», - деді А. Елшиева. Оның айтуынша, «Алтын белгіге» үміткер 1143 түлектің 328-сі өз білім деңгейлерін дәлелдеген.

Соңғы жаңалықтар