Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлерге қиындық туғызған 18 түрлі кедергі жойылды

None
None
  ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында прокуратура тарапынан қолданылған шаралардың нәтижесінде екі жыл бұрын өтініштерін тапсырған кәсіпкерлер субсидия алуға қол жеткізді. 19 азамат кәсібін жүргізуге  1 млрд теңге көлемінде қаржы алған. Бұл туралы бүгін облыстық прокуратурада өткен алқа мәжілісінде айтылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Облыс прокуроры Ибраһим Имановтың сөзінше, көптеген әкімшілік кедергілер бизнестің дамуына жол бермеген. Монополистер коммерциялық нысандарға техникалық шарттарды беру мерзімдерін сақтамаған.

null  

«Біз қарапайым кәсіпкер жиі байланысатын жер, құрылыс, сәулет салаларына талдау жасадық. Нәтижесінде 18 түрлі кедергілер жойылды.  2,5 мыңға жуық кәсіпкер өз бизнесін іске асыра алды. Құқықтары қорғалған кәсіпкерлердің саны 2,5 есеге өсті. Белсенді кәсіпкерлер саны мың адамға артқан»,- деді И.Иманов.

Сондай-ақ прокурорлар соңғы үш  жылда өңірде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында барлық қаржыландыру көздерінен 16 885 жобаны іске асыруға жалпы 143,3 млрд. тенге бөлінгенін айтады. Инвестициялық тартымдылықты күшейту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында қала, аудандарда 11 индустриалды аймақтар құрылған. Алайда мемлекет тарапынан жасалып жатқан түрлі қолдауларға қарамастан күнгейде бизнес белсенділігі төмен болып шықты.

null  

«Жергілікті азаматтарға кәсіпкерлік жөнінде  ақпараттық көмектің мардымсыздығы мен кредит ресурстарының қымбаттылығы, мемлекет қолдауының жеткіліксіздігі бизнесін ашуға қиындық туғызған. Осы сынды кемшіліктерді заң аясында жоюға күш салудың арқасында  көптеген тұрғын  бизнесін бастап кетті», -деді облыс прокуроры.

Соңғы жаңалықтар