Оңтүстік Қазақстан облысында ерлі-зайыптылардың өлі денесі табылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында ерлі-зайыптыларды өлтіріп кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 59 және 51 жастағы марқұмдардың денесі үйінің жанын табылған, -деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Мақтарал ауданына қарасты Алмалы ауылында болған. Жергілікті тұрғындар ерлі-зайыптылардың өлі денесін көріп, полицияға хабарласыпты. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы марқұмдардың денесіне ауыр жарақат салу нәтижесінде жан тәсілім еткен деген қорытынды жасаған.

Қазіргі таңда Мақтарал аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері осы оқиға бойынша Қылмыстық Кодекстің «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізуде. Өңірдің тәртіп сақшылары ерлі-зайыптылардың қандай жағдайда өлгенін анықтап, күдіктілерді іздестіруде.

Соңғы жаңалықтар