Оңтүстік Қазақстан облысында екі жұмысшы токқа түсіп, ажал құшты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Оңтүстік Қазақстан облысында екі жұмысшы токқа түсіп, мерт болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Қазығұрт ауданына қарасты Шарапхана ауылының тұсында болған. Осы елді мекен тұсында көшені жарықтандырумен айналысқан жұмысшылар сақтық шараларын сақтамағанға ұқсайды. Шымкент-Термез тас жолының бойындағы жоғары кернеулі электр бағанасына шыққан кезде тоқ ұрып, сегіз метр биіктіктен  құлап қалады. Екі жұмысшы да сол жерде жантәсілім еткен. Қазір осы дерек  бойынша қылмыстық іс қозғалып, құзырлы мекемемен анықтау жұмыстары жүргізілуде.

«Алдын ала мәліметтерге қарағанда қаза болған жұмысшылар «Отырар жолдары» ЖШС-де электрик болып жұмыс істеген. Бағанаға шыққан кезде жоғары кернеулі сымға тиіп кеткен болуы мүмкін әрі биіктіктен құлап қалған. Қазір жұмысшылардың неден қайтыс болғаны анықталуда. Қайғылы жағдайға байланысты біздің инспекция тарапынан арнайы комиссия құрып, мән-жайды жан-жақты анықтайтын боламыз»,-деді Облыстық еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Бегман Нұрмаханов.   

Айта кетейік,  инспекция мамандары өткен жылы өңірде 8 адам токқа түскен дерегі тіркелгенін айтады. 

Соңғы жаңалықтар