Оңтүстік Қазақстан облысында «Бірыңғай экспорт стратегиясы» әзірленуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан өңіріне инвестиция тарту мақсатында ұйымдастырылған Қазақ-Түрік инвестициялық форумында бизнес өкілдерімен бірлескен, облыстың «Бірыңғай экспорт стратегиясы» әзірленіп жатқаны мәлім болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Екі елдің кәсіпкерлері бас қосқан жиында сөз алған өңір басшысы Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында тауар өндіру мен өткізу, қызмет көрсету ісін жаһандық желіге бейімдеу қажеттігіне тоқталды. Облыстың даму жетістіктеріне тоқталып, түрік кәсіпкерлерін алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

null  

«Бұл тұста Қазақстан мен Түркия мемлекетінің арасындағы қарым-қатынасты атап өткім келіп отыр. Бүгінде Анкара Астананың саяси және экономикалық тұрғыдағы ең жақын және сенімді серіктесіне айналды. Түркия қазіргі таңда экономикалық көрсеткіштері бойынша әлемдегі дамыған жиырма елдің қатарында. Әсіресе соңғы жылдары құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, фармацевтика, медицина салаларында аса белсенділік танытып, Қазақстанда және Оңтүстік Қазақстан облысына да өзінің даму үрдісін ұсынып келеді»,-деді аймақ басшысы.

Жиында сондай-ақ, Түрік Кеңесі Бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің инвестициялар Комитетінің төрағасы Сапарбек Тұяқбаев, Түркия Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі Тарык Сонмез, Түркиядағы «OSTIM» индустриалды аймақтарды басқару және құру халықаралық операторының басқарма төрағасы Орхан Айдын, Түркияның Сакария қаласындағы сауда-өнеркәсіп палатасының басқарма төрағасы Махмут Косемусул баяндама жасады.

Айта кетейік, Түркия елі қазіргі таңда экономикалық көрсеткіштері бойынша әлемдегі дамыған 20 елдің қатарында. Түркия ұйымдасқан индустриялық аймақ құру бойынша бай және сәтті тәжірибе жинаған республика. Бүгінде Оңтүстіктегі түркиялық фирмалар мен компаниялардың саны 30-ға жетіп отыр. Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың жоғары дәрежеде дамып отырғанын көрсетеді.

Ал, Оңтүстік Қазақстан облысы 3 миллион халқы бар, мықты экономикалық әлеуеті зор, серпінді дамып келе жатқан өңір саналады. Сонымен қоса, облыс Азия мен Таяу Шығысты және Еуропаны байланыстырып тұрған «Батыс-Еуропа, Батыс-Қытай» автомагистралінің маңында орналасқан. Сондықтан оңтүстік өңірі экспорт бағдарлаушы өндіріс пен шекаралық сауданың дамуын қамтамасыз етуге күш салады.

Инвестициялық форум барысында екі жақты ынтымақтастықты арттыру мақсатында меморандумдар түзілді.

null null  

Соңғы жаңалықтар