+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Оңтүстік Қазақстан облысында білім бөлімінің басшысы парамен ұсталды

2017 жылғы 7 ақпан 22:15
Бөлісіңіз:
 Оңтүстік Қазақстан облысында білім бөлімінің басшысы парамен ұсталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында білім бөлімінің басшысы парамен ұсталды. Бұл туралы мәліметті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ОҚО-дағы өкілдігі таратты.

Белгілі болғандай, 47 жастағы Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы М. есімді азамат аудандағы мектеп директорының бірінен 470 мың теңге көлемінде пара алды деп айыпталуда. Ол кабинетінде ұсталған. Бұл жарты миллион теңгенің өтемі ретінде білім бөлімінің басшысы директорға «қамқорлық жасап жүрмек» болған.

Бұрынғы облыс әкімінің кезінде пилоттық жоба ретінде, 2016 жылдың маусым айында білім бөліміне басшы болып тағайындалған шенеунік бұған дейін ОҚО Білім басқармасында жұмыс жасаған. Қызметке келгеніне бір жыл да толған жоқ болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT