Оңтүстік Қазақстан облысында 439,1 млрд теңгеге өнеркәсіптік өнім шығарылған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысында 439,1 млрд теңгеге өнеркәсіптік өнім шығарылған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатына Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков хабарлады.

«Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясаттың арқасында облыстың гүлденуіне бар жағдай жасалған, халықтың әл-ауқаты жақсарып, алға қойған барлық міндеттер жүзеге асырылып келеді. Экономиканың нақты секторында биыл да оң процестер байқалуда», - дейді Ұ.Сәдібеков.

ОҚО әкімінің орынбасары келтірген деректерге сәйкес, 2017 жылдың алғашқы 7 айының қорытындысы бойынша, өнеркәсіптік өнім көлемі 439,1 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 100,3%-ға өскен. 2015-2019 жылдарға арналған индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы аясында жалпы сомасы 47,1 млрд теңгені құрайтын 47 жоба іске асырылып, 1650 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал биыл 1,7 млрд теңге болатын 3 жоба жүзеге асырылған.

Жыл соңына дейін өнеркәсіп өнімі көлемін 850 млрд теңгеге жеткізіп, 2,1 %-ға дейін өсіру жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар