Оңтүстік Қазақстан облысында 3 жаяу жүргінші жол апатынан қаза тапты

None
None
АСТАНА. Қарашаның 6-сы. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында үш бірдей жаяу жүргінші жөл-көлік оқиғасының салдарынан мерт болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Министрліктің хабарлауынша, «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының  бойында, түнгі сағат 10. 00-де «Ауди» көлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Оқиғаға куә болған екі азамат зардап шегушіге көмек көрсетпек болып, жол бойына жүгіріп шыққанда оларды «Мерседес» көлігі қаққан. Нәтижесінде барлық жүргіншілер оқиға орнында  қаза тапқан.

Соңғы жаңалықтар