Оңтүстік Қазақстан облыстық соты жаңадан тағайындалған судьялармен толықты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық соты жаңадан тағайындалған судьялармен толықты.

Сот төрағасы Нұрсерік Шәріпов облыстық соттың судьяларына әріптестерін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Н.Шәріпов судьяларды «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқасының төрағасы мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» ҚР Президентінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 426 Жарлығымен таныстырды. Онда жаңадан тағайындалған судьялардың тізімі берілген. Соттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, олардың қатарында Аида Байтұрова, Бәйдібек Дүйсебеков, Клара Жаппасова, Гүлмира Қыдырбаева және Тамара Смайловалар бар. Аталмыш судьялар бұған дейін қызметтерін аудандық соттарда атқарған.

Нұрсерік Кәрімұлы жаңадан тағайындалған судьялардың еңбегіне тоқталып, олардың бұрынғы жұмыс орындарында жақсы көрсеткіштерге жеткенін атап өтті. Сондай-ақ  жаңа қызметіне сәттілік тілеп, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыруды және азаматтардың сотқа деген сенімін нығайтуды тапсырды. Ең бастысы, заң үстемдігін сақтай отырып, сот жүйесіне адал қызмет ету қажеттігін қадап айтты.

Соңғы жаңалықтар