+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Оңтүстік Қазақстан елорданың 20 жылдық мерейтойын алты ай атап өтеді

2017 жылғы 29 қазан 05:09
Бөлісіңіз:
Оңтүстік Қазақстан елорданың 20 жылдық мерейтойын алты ай атап өтеді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысы талқыланды. Аймақ басшысының орынбасары Ұласбек Сәдібековтің төрағалығымен өткен мәжіліске барлық аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат бөлімдерінің басшылары және баспасөз хатшылары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұласбек Сәдібекұлы ең алдымен, Елбасының латын әліпбиіне кезең-кезеңімен өту туралы Жарлығына сәйкес атқарылатын жұмыстардың күшейтілетінін атап өтті.

«Елбасы қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлықтың толық нұсқасы "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланып отыр. Онда «Қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін; осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын» делінген. Ендеше, бүгіннен бастап, осы Жарлықтың орындалуын бақылауға алып, баршашамыз жұмыла жұмыс істеуіміз қажет», - деді Ұласбек Сәдібекұлы.

Жиында сондай-ақ Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында атқарылатын іс-шаралар жоспарын әзірлеу мен аудан, қала әкімдіктеріндегі БАҚ құралдарының белсенділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде және Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығына дайындық бойынша облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сәбит Исабай баяндама жасады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1127 іс-шара өткізіліп, оған 720 мыңға жуық адам қатысты. Мәселен, «Туған жер» бағыты аясында 66 жоба, 121 іс-шара жүзеге асырылуда.

Екінші мәселе - Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында бекітілген тұжырымдамаға сәйкес облыстың іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленген. Жиын барысында барлық аудан, қалаларға өз іс-шаралар жоспарын әзірлеу жүктелді. Аталған іс-шара үш кезеңнен тұруы қажет. Бірінші дайындық кезеңі - 2017 жылғы 10 желтоқсанға дейін, екінші дайындық кезеңі - 2017 жылғы 10 желтоқсаннан басталып, 2018 жылдың 6 шілдесіне дейін белгіленіп отыр. Үшінші кезең - 2018 жылғы 6 шілдеден 31 желтоқсанға дейінгі аралықты құрайды.

Жиынды қорытқан облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков «Рухани жаңғыру» бағдарламасында нақтылаған 6 бағыт бойынша барлық аудан, қалаларға кураторлар бекітілгенін мәлім етті. Сондай-ақ ол жиналғандарды бағдарламаның дер кезінде іске асуына күш салуға шақырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT