Оңтүстік Каролинада аллигатор шабуылынан әйел көз жұмды

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Ресми тұлғалардың айтуынша, дүйсенбіде Оңтүстік Каролинада аллигатордың шабуылынан бір әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News-ке сілтеме жасап.

Бофорт округінің полициясы алып аллигатор тоғанның шетінде, Окати аймағындағы Сан-Сити Хилтон-Хед елді мекенінде байқалған. Жәбірленушінің кім екені анықталған жоқ.

Флорида балық және жабайы табиғатты қорғау комиссиясының өкілі Мелоди Килборн аллигаторлар көктем мен жазда ауа температурасы көтеріліп, метаболизмі күшейгенде тамақ іздейтінін айтты.

Килборн адамдарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Аллигаторлар әсіресе, түнде белсенді болады, сондықтан тек күндізгі уақытта шомылу үшін арнайы бөлінген жерлерде суға түсу қажет. Ешқашан аллигаторды тамақтандырмау керек.

Бұл – бауырымен жорғалаушылардың адамға жасаған бесінші шабуылы. Бұған дейін ер адам Оңтүстік Каролина штатында аллигатордың құрбаны болғаны хабарланған болатын.


Фото: abcnews.go.com




Соңғы жаңалықтар