Оңтүстік Каролинада аллигатор ер адамды тоғанға сүйреп әкеткен
2022 жылғы 28 маусым 03:11

Оңтүстік Каролинада аллигатор ер адамды тоғанға сүйреп әкеткен

МЕРТЛ-БИЧ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Каролина штатының Миртл-Бич ауданында аллигатор ер адамды тоғанға сүйреп апарып, өлтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат NBC News-ке сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілерге Миртл-Бич қаласының маңындағы Экскалабер-Корт ауданынан сағат 23:45 шамасында қоңырау түскен. Оқиға орнына жеткен олар ер адам мен аллигаторды тоғаннан алып шыққан.

Оңтүстік Каролинаның Табиғи ресурстар департаментінің биологы мен аллигатор аулау қызметі аллигаторды сол жерде эвтанизиялау керек деген шешім қабылдады.

Табиғи ресурстар департаментінің мәліметі бойынша, Оңтүстік Каролинада шамамен 100 мың аллигатор мекендейді. Жыл сайын қауіп төндіретін 250-300-ге жуық бауырымен жорғалаушы ауланады.

Бұл 2016 жылдан бері аталмыш штатта аллигаторлардың адамға жасаған төртінші шабуылы. Бұған дейін үш ересек адам қаза болған еді – 2016, 2018 және 2020 жылдары.

Шабуыл қаупін азайту үшін адамдар аллигаторларды тамақтандырудан немесе суретке түсіруден аулақ болуы керек.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT