Оңтүстік-Батыс Қытайдағы нөсер жаңбырдан 120 мыңнан аса адам зардап шекті

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясындағы қатты нөсер жаңбыр 120 мыңнан аса адамның қалыпты өмірін бұзды, жергілікті билік 4,6 мыңнан аса адамды эвакуациялауға мәжбүр болды. Мұндай деректерді Сычуань провинциясындағы су тасқынымен мен құрғақшылықпен күрес жөніндегі штаб жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Жұмадан бастап Сычуань провинциясында нөсер жаңбыр жауып, 14 өзендегі су деңгейін көтерді. Апат аймағында 120 мыңнан аса адам болды, 4,6 мыңнан аса адам қауіпсіз жерлерге көшірілді.

200 тұрғын үй құрылысына зақым келді, көшкін салдарынан жолдардың біраз бөлігі ойрандалған. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің 4,6 мың гектарын жаңбыр шайып кетті. Сычуаньдағы тікелей экономикалық шығын 176 млн юань ($27 млн) болып отыр.

Сычуань провинциясының бірқатар қалаларында су тасқынына жедел әсер етудің ең жоғары деңгейі енгізілді.


Соңғы жаңалықтар