Оңтүстік аймақта спорттық атудан Олимпиадалық дайындық орталығын ашу қажет - С. Есжанов

None
None
АСТАНА. Қазанның 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  -  Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың атына жолдаған сауалында депутат Сауырбай Есжанов Оңтүстік Қазақстан облысының орталығынан Олимпиадалық дайындық орталығын ашу туралы ұсыныс жасады.

Депутат министрден осы орталықты ашуға қатысты қаражат бөлуді сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз Оңтүстік Қазақстан облысының орталығынан «Спорттың ату түрлері бойынша Олимпиадалық дайындық орталығын» ашуды сұраймыз. Қазіргі таңда қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда спорттың осы  түрлері бойынша қанжығасы майланып жүр. Азия өңірінде де бұл спорт түрі шапшаң дамып, жұртшылық арасында қызығушылық белең ала бастады. Жалпы, елімізде ұлтымыздың мергендерінің өзіндік даму жолы да тарихы да басқалардан ерекше. Олимпиадаларға, азиялық ойындарға қатысатын еліміздің мергендері де көбінісе осы өңірден шыққандар.  Атап айтқанда, Галина Беляева, Ольга Довгун, Елена Стругаева, Рашид Юнусметов, Сергей Якшин, Влад Мухамедиев, Варвара Коваленко және тағы басқалары халықаралық жарыстардан жүлделі оралып жүр», деді депутат С. Есжанов.

Оның айтуынша, аталған орталықтың ашылуы қазақстандық спорттың халықаралық аренадағы беделін арттыра түсетін болады. Сонымен бірге, депутаттың сөзіне қарағанда, бұл орталықта спорттың ату түрлерінен олимпиадалық резервтер даярлап қана қоймай, жалпы республикалық спортшылардың жиынын өткізуге, оларды шыңдауға үлкен септігін тигізеді.

Соңғы жаңалықтар